Гидробиологиялық зертхана

ҚҚЭА Гидробиологиялық зертханасы 2006 жылы ұйымдастырылған.          Рисунок4Рисунок5

«ҚҚЭА» ЖШС-нің Гидробиологиялық зертханасы «ҰАО» ЖШС-нен берілген  ҚР СТ  ИСО/МЭК 17025          «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптарға» сәйкестігі бойынша 2015 жылы аккредиттелген.  03.11.2015 ж :№KZ.И.02.1661 Аккредиттеу аттестаты.

 

Орындалған жұмыстар:

  • «Каспий теңізі қайраңындағы мемлекеттік экомониторинг»;
  • «Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі биоресурстардың ахуалын бағалау»;
  • «Ертіс, Іле, Сырдария, Тобыл, Есіл, Шу және Талас трансшекаралық өзендері арқылы түсетін токсиканттардың биоресурстардың ахуалы мен қалыптасуына және гидрологиялық режиміне әсерін талдау»
  • Аджип КҚО, Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В., Құрманғазы Петролеум, Қазтрансойл  және т.б. мұнай компанияларының келісімшарт бойынша тапсырыстары орындалады.

Рисунок6

Аккредиттеу бағытына мыналар кіреді:

  1. Жер үсті суларынан, су түбі шөгінділері мен топырақтан сынама алу.
  2. Төмендегідей көрсеткіштерді анықтау:
  • Фитопланктон,
  • Зоопланктон ,
  • Макрозообентос – таксономиялық құрамы, саны, биомассасы;
  • Балықтар – таксономиялық құрамы, тұрқы, массасы.