Жылжымалы экологиялық зертхана

Передвижная-лаборатория_res

«ҚҚЭА» ЖШС-нің Жылжымалы Экологиялық Зертханалары (ЖЭЗ) қоршаған ортадағы ластаушы заттектердің шоғырлану мөлшерін өлшеуді жүзеге асырады.

Жұмыстардың аталған түрін жүргізу құқығы «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Алматы қаласындағы филиалы берген зертханадағы өлшемдердің жағдайын бағалау туралы № 039 куәлікпен расталған. Зертханалар жүріп өту қабілеті жоғары ГАЗ 3308 “САДКО” және ГАЗ 6601 автомобильдерінің шассилеріне орнатылған.

Мақсаты:

Жылжымалы Экологиялық Зертхана (ЖЭЗ) атмосфералық ауа мен жұмыс аймағы ауасындағы  ластаушы заттардың шоғырлануын өлшеуді жүргізуге,  метеопараметрлерді автоматты режимде бақылауға, судың физикалық-химиялық параметрлерінен шұғыл талдаулар жүргізуге, ауадан, судан, су түбі шөгінділерінен және топырақтан сынама алуға, кәсіпорындардың өнеркәсіптік шығарындылары мен қоршаған ортаның радиациялық ластануын бақылауға мұрсат береді.  

Қолданылу бағыты:

  • қоршаған ортаға фондық зерттеулер;
  • мұнай-газ өндіру кешені мен химиялық, мұнай химиясы өндірісі, тау-кен өндіру өнеркәсібі мен өзге де қауіпті экологиялық өндірістердің кәсіпорындарына өндірістік экологиялық мониторинг жүргізу;
  • елдімекендердің аумақтарының жүйесіне экологиялық мониторинг жүргізу;
  • кәсіпорынның өнеркәсіптік шығарындыларының құрамына аналитикалық бақылау
  • өнеркәсіптік объектілер мен аумақтардың радиациялық ахуалын зерттеу.

ЖЭЗ құрамы:

ЖЭЗ газталдауыш кешені атмосфералық ауа мен жұмыс аймағы ауасының көміртек оксиді, азот оксиді мен диоксиді, күкірт диоксиді, күкіртсутегі көмірсутек жиынтығы, метан бойынша  ластануын автоматты режимде бақылауға мұрсат береді.Осы мақсатта “Оптэк” (Ресей) компаниясы шығарған К-100, Р-310, СВ-320, Каскад-511.2, МГЛ-19.2 газталдауыштары және  Seres” (Франция) компаниясы шығарған ТНС-2000 газталдауышы пайдаланылады.

“HUGER” (Германия) компаниясы шығарған  WM-918 метеопараметрлерді бақылаудың электрондық жүйесі табиғи ортаның синоптикалық параметрлерін- желдің жылдамдығы мен бағыты, температурасы мен атмосфералық ауаға қатысты ылғалдылықты, қысымды, жауын-шашын мөлшерін шұғыл түрде өлшеуді жүзеге асырады.

Өнеркәсіптік шығарындылардың құрамын бақылау “Drager” компаниясы (Германия) шығарған тасымалы MSI-Compact  газбен талдау аспабымен жүзеге асырылады, ол: күкірттің қостотығын, азоттың тотығын, азоттың қостотығын, көміртек тотығын, оттекті, газ өткізгіштегі қысымды, газдың жылдамдығын, шығатын газдар мен қоршаған ортаның ауасының температурасын айқындауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ЖЭЗ судың физикалық-химиялық параметрлерін жедел талдауға арналған жабдықпен жарақталған.

Табиғи және ақаба суларды жедел талдауды жүргізуді іске асыру үшін “Обь” (Ресей) тасымалы жинақты зертханасы және судың сапасын талдайтын “HORIBA” аспабының (Жапония) U-10 үлгісі пайдаланылады. Олардың көмегімен Ph, Eh, УЭП, еріген О2,, Cl-, SO4, HCO3, Ca2+,Mg2+, лайлылықты, тұздылықты айқындау жүргізіледі. Радиоэкологиялық зерттеулермен радиациялық ахуалды бақылауды жүргізу үшін МКС 1117 А дозиметр-радиометрі пайдаланылады.

Бұл аспаптың көмегімен гамма-сәулеленудің экспозициялық дозасының қуатын және альфа- мен бета-бөлшектер ағынының тығыздылығын өлшеу жүргізіледі.ЖЭЗ қосалқы жабдығының құрамына сынама іріктейтін құрылғылар (батометрлер, су түбін көсегіштер) және сынамаларды сақтауға және стационарлық зертханаларға жеткізуге арналған жабдық кіреді.

Экологиялық сынамаларды зертханада сақтаумен тасымалдау үшін мұздатқыш камера пайдаланылады.