Сынақтау зертханасы

Сынақ зертханасы  (СЗ):

  • Ақтау қаласында орналасқан..
  • Сынақ зертханасы  Ұлттық Аккредиттеу Орталығынан аккредиттеуден өткен және 26 шілде 2013 ж берілген   KZ.И.13.1407 аккредиттеу аттестаты бар. Аккредиттеу субъектісінің реестрін Орталықтың ресми сайтынан  www.nca.kz табуға болады.

Негізгі жабдығы:

  • —2 газ хроматографы (GC Agilent 7890 A МСД 5975C және GC Agilent 7890 A ЭЗД және ПИД), —
  • 1 сұйықтық хроматографы (HPLC Agilent 1200), —
  • индукциялық-байланысқан плазмалы 1 масс-спектрометрі (Agilent 7700x ICP-MS), —
  • 1 капиллярлық электрофорез аспабы (Agilent 7100). —
  • АS200 control Талдауыш елегіш машинасы (Retsch), —
  • 905 Titrando автоматты титраторы (Metrohm), —
  • SPEKOL 1300 спектрофотометрі (Analytik Jena AG) және басқ.

 Қосалқы жабдықтар:

  • Таразы (талдауыш және техникалық), сулы және құмды моншалар, ультрадыбыстық ванналар, жылытылатын магнитті араластырғыштар, термостат, қыздырғыш плиталар, пештер, колба қыздырғыштар, зертханалық тоңазытқыштар және басқасы.

Персоналдар:

  • —Орталықта 14 жоғары білікті маман: сапа жөніндегі менеджер, метролог, ҚТ жөніндегі менеджер, инженер-радиолог, 4 инженер-химика, 5 химик-лаборант, қоймашы жұмыс істейді.
  • Барлық мамандар «ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 – Сынақтау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар», сондай-ақ «Зертханаларды ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 бойынша аккредитациялаудың ерекшеліктері. Өлшемдердің тұрлаусыздығын бағалау» семинарында оқып-үйретуден өткен.
  • —Барлық инженер-химиктер мен лаборанттар «ЦИКВ» басында (Санкт-Петербург, Ресей) «Agilent Technologies» компаниясының аспаптарында өлшеу әдістемелерін енгізу бойынша машықтанудан өтті.

Әдістеме және әдістемелікпен қамтамасыз ету

  • Негізгі актуалдандырылған әдістемелер мен стандарттар (МемСТ, ҚР СТ, ИСО және басқасы) ҚазСт институтынан сатып алынды.
  • —«Agilent Technologies» компаниясының аспаптарында жұмыс істеу үшін, зертхана «ЦИКВ» (Санкт-Петербург, Ресей) және «РОСА» (Мәскеу, Ресей) тарапынан 14 әдістеме сатып алынып, олар ҚР Реестрінде тіркелді..
  • Сонымен қатар, Компания өзге құралдарда жұмыс істеу үшін және сынақтың жаңа түрлерін игеру мақсатында 60-тан астам әдістемелер сатылып алынып, ҚР Реестрінде тіркелді..
  • Сатып алынған әдістемелер мен стандарттардың негізінде, зертхана ішкі Стандартты Жұмыс Процедуралары (СЖП) мен Жұмыс Нұсқаулықтарын (ЖН) енгізуде және әзірлеуде..
  • Сапаны бақылау

Сынаманы алу кезінде:

  •  ыдыстың тазалығының сапасы (ИСО сәйкес, барлық контейнерлер зертханада алдын ала өңдеуден өткізіледі, сынақтау хаттамасы беріледі), көп дүркін пайдаланылатын жабдықты тазарту;
  • соқыр сынамалар мен жанармай сынамаларының бағдарламасы, шайындылық сынамалар, телқұжаттық сынамалар, бос тасымалдау сынамасы;
  • аспаптарды калибрлеу және екінші көздің материалдарымен тексеру (өлшегенге дейін және одан кейін);
  • жабдықты тазарту немесе сынаманы консервациялау үшін пайдаланылатын химреактивтерді (ОСЧ, ХЧ, ЧДА) өндірушінің сапа сертификаттары;
  • іріктеу нүктелерінің арасында сынамалар іріктеуге арналған жабдықты іріктеу және тазарту (зарарсыздандыру) бойынша СЖП;
  • жұмыстар тек таза резеңке биялаймен орындалады.;

Зертханада  жұмыс істеу кезінде:

  • өлшеу аспаптары Қазақстан Республикасының тізіліміне енгізілген және салғастырылған;
  • сынақтау кезінде пайдаланылатын химреактивтерді (ОСЧ, ХЧ, ЧДА) өндірушінің сапа сертификаттары;
  • дайындалған ерітінділердің жарамдылық мерзімі өндіруші көрсеткен жарамдылық мерзімінен аспауға тиіс;
  • аспаптарды калибрлеу және екінші көздің материалдарымен тексеру;—
  • бастапқы калибрлеу нүктелерінің минималды саны – 5, желілік R2 коэффициентімен айқындалады;—
  • өлшеу үдерісінде калибрлеу қисығының бір (ортаңғы) нүктесі әр 10 өлшем (CCV) сайын тексеріледі;—
  • әдістің бос сынамасы (BLK) және зертханалық бақылау үлгісі (LCS) қосымша дайындалады.