Каспий итбалығы 2020 ж. күзі

2020-2023 жылдардағы Солтүстік Каспий акваториясында Каспий итбалығын зерттеудің келісілген мемлекетаралық Бағдарламасы аясында, 2020 жылдың күзінде, НКОК компаниясының қаржылық қолдауымен, Солтүстік Каспийдің акваториясындағы олардың тіршілік ететін басты жерлерін және каспий итбалығының популяциясының қазіргі ахуалын зерттеу мақсатында қазақстандық-ресейлік зерттеулер жүзеге асырылды. 2020 жылдың 6 қазаны мен 14 қарашасы аралығындағы күзгі зерттеулерде. РҒА А.Н. Северцов атындағы Экология және эволюция мәселелері жөніндегі институтының (РФ РҒА ЭЭМИ) ғалымдары Д.М. Глазов, Н.Р. Шумейко, М.А. Соловьева, Г.Ю. Пилипенко, Астрахан қорығынан В.А. Стрелков, И.В. Соколова, ҚР Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығынан А.И. Қыдырманов, К.О.Карамендин., Е.Т.Қасымбеков., ҚР Қолданбалы экология агенттігінен – Ф.В.Климов, А.Н.Муляевтар қатысты.

ЗКаспийский тюленьерттеулер ресейлік аумақтық сулар (Малый Жемчужный аралы мен олармен іргелес орналасқан қайраңдар және Жайық-Каспий каналы аумақтарында) мен Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі қазақстандық секторда жүргізілді Ғылыми зерттеулер жануарлардың тіршілік ететін жерлерінде оларды тірілей зерттеу әдістемесімен жүргізілді.2020 ж күзгі кезеңіндегі Солтүстік Каспийдегі итбалықтардың таралуы жөніндегі мәліметтер алынып, морфометриялық зерттеулер жүргізілді, сонымен қатар генетикалық, гормоналды, серологиялық, молекулярлы-вирусологиялық, токсикологиялық және т.б. зерттеулер жүргізу үшін биологиялық материалдар жинақталды. Күзгі-қысқы кезеңдердегі каспий итбалығының миграция жасайтын жолдарын зерттеу үшін спутникті таратқыштар орнатылды. 2020 ж. күзінде каспий итбалығының шоғырлануы Жемчужный аралы аумағында, сонымен қатар Солтүстік Каспий теңіз каналының оңтүстігі мен солтүстігіндегі теңіз қайраңдарында байқалды. Зерттелген теңіз қайраңдары мен аралдарындағы каспий итбалығының саны 20-дан 2000 дараққа дейін өзгеріп отырды, ал теңіз қайраңдарындағы 500 м дейінгі радиуста олардың таралу тығыздығы км2 шаққанда 30-дан 60-қа дейінгі дарақ сандары бойынша ауытқыды. «Алина» ҒЗК рейстер жасау барысында ( 2020 ж 01 қарашасы мен 03 қараша аралығында ) Каспий теңізінің қазақстандық секторында каспий итбалығы 36 рет тіркелді (44 дарақ). Жануарларды зерттеу мақсатында ұстау барысында КТҚС орналасқан екі қайраңда 3830-ға жуық итбалықтар есепке алынды. Зерттеу нәтижелері 2021 жылы жарияланатын болады.