Атырау

atr

ҚҚЭА ЖШС-нің Атырау қаласындағы филиалы 2002 жылдан бері Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында компанияның жобалау-іздестіру және ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етеді.

Филиалдың міндеттері: Батыс Қазақстан мен Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде гидрологиялық, гидрогеологиялық, гидробиологиялық, ихтиологиялық зерттеулер жүргізу, экологиялық жобаларды әзірлеу, бас кеңсенің мамандарының жұмысына жәрдем беру. Филиалдың мамандары Алматы қаласындағы Бас кеңсенің қызметкерлерімен бірлесе отырып экспедициялық жұмыстарды, фондық және мониторингілік іздестірулерді орындайды,жобалар мен бағдарламаларды іске асырады.

Филиал төмендегідей қызмет түрлерін көрсетеді:

  • Ауыз су, жер үсті суларының, ыза сулар мен ақаба сулардың мониторингі.
  • Гидробиологиялық зерттеулер.
  • Жайық өзенінің алабы мен Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі ихтиологиялық зерттеулер.
  • ҚОӘБ, ШРТ, ШРШ жобалары, экологиялық төлқұжаттарды әзірлеу және өзара келісу.
  • Арнайы техниканы жалға алу: жол таңдамайтын амфибиялар, әуе көпшігіндегі катерлер, тартқышы бар трейлер (КрАЗ).

Филиалдың штаты 25-ке жуық адамнан тұрады.Солардың ішінде: экологтар, гидрохимиктер, гидробиологтар мен ихтиологтар,экологиялық зерттеулер саласында мол жұмыс тәжірибесі бар техникалық мамандар бар.

Техникалық жарақтамасы: Филиалда экспедициялық жұмыстарды орындау үшін қажетті автопарк – жылжымалы экологиялық зертхана, жүк пен жолаушы таситын екі шынжыр табан амфибия және оларды тасымалдауға арналған трейлерлі ауыр жүк тартқыш машина бар. Судағы жұмыстар үшін әуе көпшігіндегі 2 катер, өзен мен теңіздегі жұмыстарға арналған кеме бар.

Атырау қ. филиалы
060007,  Атырау қ, С.Cейфуллин к, 5

тел.: +7 7122 278453 +7 7122 278454
+7 7122 278455 факс: +7 7122 586114
e-mail: atyrau@kape.kz