Ақтау

akt

«Қазақстан Қолданбалы Экология Агенттігінің» Ақтау қаласындағы филиалы 2001 жылдан бері жұмыс істейді.

 ҚҚЭА-нің Ақтау қаласындағы филиалының штатында жоғары білікті мамандар – экологтар,физик-географтар, мұнайшы инженерлер жұмыс істейді.

Филиалдың қызметкерлері қоршаған ортаны қорғау саласында мол жұмыс тәжірибесін жинақтаған.

Бүкіл кезең барысында ҚҚЭА Ақтау филиалы Маңғыстау облысында жобаларды іске асыруды ұйымдастыру және техникалық жағынан қолдауды тиімді жүзеге асырып келеді.

Жобаларды іске асыру және экспедициялық іздестірулер жүргізу үшін, “ҚҚЭА”ЖШС-нің Ақтау филиалының иелігінде барлық қажетті ресурстар – жол талғамайтын машиналар, жеңіл көлік, ғылыми-зерттеу кемелері (4 кеме) бар.

Өндірістік жабдық қоршаған ортаның барлық құрамдастарына және қоршаған ортаның бақыланатын параметрлеріне экспедициялық экологиялық және инженерлік-экологиялық зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді.

КАМАЗ автомашинасына негізделген ПБУ-2-111 бұрғылау қондырғысы және кешенді ғылыми-зерттеу жабдығы қоршаған ортаның күйіне мониторинг жасаудың кез келген түрлерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
ҚҚЭА-ніңАқтау филиалы Аджип КҚО, “Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы” ММ, “Caspian Engineering &Research” ЖШС, “Экогеомұнайгаз” ЖШС, “Самек Интернешнл” ЖШС секілді және басқа компаниялардың тапсырысы бойынша жұмыстар атқарды.

 Ақтауқ. филиалы
130001, Ақтау қ,  21ықщауданы, №10ғимарат
тел.: +7 7292 606112, +7 7292 606113,
+7 7292 606114факс: +7 7292 606110
e-mail: aktau@kape.kz