Теңіз сүтқоректілерін бүкіләлемдік қорғау күні

Совещание2019 жылдың 19 ақпанында Мәскеу қаласында Теңіз сүтқоректілерін бүкіләлемдік қорғау күніне орай, қазақстандықжәне ресейлік тараптардыңбірлескен отырысы өткізілді. Кездесу каспий итбалығын бірлесе зерттеуді ұйымдастыру жөніндегі жекелеген сұрақтар мен Бағдарламаларды талқылауға арналды.

Отырысқа Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В, ГАЗПРОМ,   РҒА А.Н.Северцев атындағы Экология және эволюция мәселелері институты (ЭЭМИ), Қазақстан Қолданбалы Экология Агенттігі ЖШС (ҚҚЭА), Қазақстандық Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы, Қазақстан Ғылым Академиясының Микробиология және вирусология институты өкілдері қатысты.

Отырыста Каспий теңізінің қазақстандық және ресейлік секторларындағы зерттеу Бағдарламаларын келісу мен жұмысқа қатысушыларды анықтау жөнінде сөз болды.

Posted in: