Инженерлік-геофизикалық зерттеулер

 2012 жылдан бері  ҚҚЭА ЖШС, Швеция, АҚШ, Ресей, Тайланд елдерінің озық геофизикалық құрал-жабдықтары мен бағдарламалық қамтуларын қолдана отырып, инженерлік-іздестіру  жұмыстарын жүзеге асырып келеді.  Георадиолокация, сейсмикалық барлау және электрлік барлаудың негізгі геофизикалық әдістемелерінің кешендері қолданылады. Қолданылатын құрал-жабдықтар мен әдістемелер инженерлік құрылымдар мен құрылғыларға  толықтай геологиялық және  гидрогеологиялық  зерттеулер жүргізуге және топырақ жабындылары мен қоршаған ортаға залалын тигізбей объект  жөнінде  толықтай сипаттама алуға мұрсат береді. Жұмыстарды  құрал-жабдықтарды  өндірушіден оқытулардан  және арнаулы курстардан өткен, сертификаттары бар мамандар орындайды.

image001 image003
«MALA Geoscience» Георадар жүйесі  «СКАЛА-48» Электрлі барлау стансасы
image005 image007
«Лакколлит ХМ-3»  Сейсмобарлау стансасы GSSI EMP-400 Электрлімагнитті сканері

Орындалатын жұмыс түрлері мен шешілетін міндеттер:

1. Учаскелер мен аумақтардың инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық ахуалдарын зерттеу (тастақты негіздегі жабындыларды картаға түсіру, топырақ сулардың орнының деңгейін және т.б. анықтау.)

image011 image009
Өңдеу нәтижелері және радарограмманы  талдау Геоэлектрлі тілімдерді  өңдеу және талдаунәтижелері 
image013  image015
Сейсмикалық барлау, электрлібарлау және георадиолокация
әдістерімен геофизикалық жұмыстарды жасау
СТӘ сейсмикалық тілімдерді  өңдеу және талдаунәтижелері

2. Құрылыс және пайдаланудың барлық кезеңдерінде көлік жолдары мен темір жолдардың төсеме үймелерінің техникалық ахуалын бағалау. (тығыздалған, ылғалданған, пішіні өзгерген аймақтарды байқау, жол көйлегі/темір жолдардың төсеме үймелерінің шекарасы мен қалыңдығын анықтау.)

image017 image019
Көлік жолдары төсемдерін зерттеу процесі Көлік жолдарын зерттеу кезіндегі
алынған пішіндерді өңдеу мен
талдау нәтижелері ұсынылған

3. Барлық түрдегі және сыныптағы гидротехникалық құрылғылардың мониторингі және зерттеу.

image023 image021
Бөгеттің оқпанын жотасы бойынша
зерттеу жұмыстарын орындау
Тасты бөгеттің оқпаны бойынша
георадарлық тілімдер

4. Құрылыс астындағы іздестірулер кезіндегі орындалатын зерттеулер

image025 image027
Алматы қаласы метрополитенінің Мәскеу стансасынан Достық стансасына дейінгі екінші кезектегі бірінші желісіне геофизикалық іздестірулер бойынша жұмыстарды орындау процесі

5. Топырақтағы жасырын объектілерді іздестіру (археологиялық, криминалистикалық, палеонтологиялық және өзге де зерттеулер).

1111 22222
Сақ қорғанының геоэлектрлі тілімдері  («ҚҚЭА» ЖШС –нің 2016 ж зерттеулері )

6. Топырақтағы инженерлік коммуникацияны зерттеу (құбыржелілері, коммуникациялар және т.б..).

image029 image031
Топырақтың беттік қабатының астын зерттеу және коммуникацияларды картаға түсіру.

7. Экологиялық бағалаулар (көмірсутегімен ластанған топырақтарды картаға түсіру, жасырын көмілген қалдықтар мен полигондарды табу).

image033 image036
Көмілген өнеркәсіптік қалдықтарды картаға түсіру