ГАЖ, ЖҚЗ технологияларының өсуінің арқасында картографиялау технологиялары жаңа дәуірге аяқ басып, енді, бүгінгі таңда, картография өнімдерін жылдам әрі сапалы жасауға мүмкіндік береді.
Технологиялардың өсуіне байланысты картографиялау нәтижелерін ұсыну да өзгерді – енді оның қағаз карталар болуы міндетті емес, ол GoogleEarth секілді кеңістіктік деректердің электрондық витринасы болуы мүмкін.
Орындалатын жұмыстардың түрлері:
- Топографиялық-геодезиялық іздестірулер,жер бедері мен ондағы ахуалды жер бетінде және қашықтан түсіру
- Геодезиялық, картографиялық, топографиялық және гидрографиялық жұмыстарды жүргізу
- Жер бетінің инфрақұрылымының электрондық карталары мен геодеректер қорларын құру және әзірлеу
- Бас жоспарларды құруға арналған топографиялық жоспарларды жасау және жаңғырту
- Топографиялық карталар мен жоспарларды,соның ішінде қалалар мен елді мекендердің жоспарларын құру және жаңғырту
- Қоныстардың, кәсіпорындардың географиялық ақпараттық жүйелері мен қала құрылысы кадастрын жүргізуге арналған арнайы инженерлік-геодезиялық және топографиялық жұмыстар
- Талдау, бағалау және болжау бойынша экологиялық және басқа тақырыптамалық карталарды құрастыру
- Арнайы мақсаттағы тақырыптамалық карталарды, жоспарлар мен атластарды құрастыру
- Жер үстіндегі және қашықтағы әдістермен табиғи ортаның ластануын және бүлінуін бағалау