Рұқсаттар

Қазақстан Республикасында, қоршаған ортаны қорғау саласында қолданыстағы заңнамаға сәйкес, табиғат пайдаланушыларға төмендегідей экологиялық рұқсаттар беріледі:

  • қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға берілетін рұқсаттар
  • кешенді экологиялық рұқсаттар

Қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан қоршаған ортаға эмиссиялар шығаруға рұқсат алуға міндетті.

Қоршаған ортаға эмиссиялар шығаруға рұқсат белгіленген үлгідегі құжаттардың жиыны болып табылады және табиғат пайдаланушыға оның өтінімі бойынша беріледі.