Есептiк санитарлық-қорғау аймағы

SZZ-2Өнеркәсіптік кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймақтарына (СҚА) негіздеме беру бойынша жобаларды әзірлеу 2007 жылғы ҚР Экологиялық кодексінің, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы «№ 93 Қаулысының негізінде орындалады. СҚА мөлшерлеріне негіздеме беру жаңа өндірістік нысандардың құрылысына жобалық құжаттамаға ҚОӘБ және ҚОҚ бөлімдерінің құрамында, сондай-ақ жаңа кәсіпорындарды жобалау сатысында және бұрыннан жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар үшін дербес жоба түрі ретінде орындалады.

СҚА мөлшеріне негіздеме беру кәсіпорынды химиялық және физикалық әсерлердің көздерін анықтау тұрғысынан тексерудің, тұрғын үй және өндірістік нысандарды анықтау мақсатында СҚА аумағын тексерудің, атмосфералық ауаның ластаушы заттармен  ластану деңгейіне модельдеуді жүргізу  негізінде орындалады.

СҚА мөлшеріне негіздеме беру бойынша ҚҚЭА тарапынан орындалған ең ірі жобалар:SZZ

  • Қашаған кен орнының ТӨИ (1- және 2-кезек) шеңберінде және кәсіпорынның ықтимал перспективаларын ескере отырып, мұнай және газды кешенді дайындау қондырғысы үшін санитарлық-қорғау аймағының және құбыржолдар үшін санитарлық жарылу мөлшеріне негіздеме беру (Аджип КҚО, 2005);
  • Батыс Ескендегі темір жол тармағы мен терминалдың құрылыс жобасының СҚА мөлшеріне әсерін  бағалау (Аджип КҚО, 2006);
  • Қашаған кен орнын толық игеру бағдарламасы – СҚА алдын ала мөлшерлерін есептеу (Аджип КҚО,2006);
  • Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орны үшін Есептік СҚА жобасы (Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В., 2011 жыл.

«Қарашығанақ мұнай-газ  кен орнының белгіленген санитарлық-қорғау аймағы» жобасы. (Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В., 2013ж.).