Су ресурстарын қорғау

СУ РЕСУРСТАРЫН ҚОРҒАУ

Орындалатын жұмыстардың түрлері:     

  • Шектеулі рұқсат етілген тастандылар (ШРТ)нормативі жобалары:
  • Су объектілеріне ағызулар:
  • Су жинауыш тоғанға ағызу:
  • Жергілікті жер бедеріне ағызу:
  • ҚОӘАБ/ҚОӘБ/ҚОҚ тараулары Жобаларындағы Су ресурстарын қорғау және әсерін бағалау бойынша тарауларды әзірлеу. 60-тан астам компаниялар үшін тапсырыстар орындалды.
  • Экологиялық аудит. Аудитті жүргізу кезінде кәсіпорынның су қорғау қызметін бағалау.
  • Су пайдаланудың меншікті нормасын әзірлеу
  • Су ресурстарының өндірістік мониторингі.

Жер асты суларының ластануының таралуын модельдеу «FEFLOW FM3, version4/6.0 БҚ пайдалану арқылы орындалады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              

СУ РЕСУРСТАРЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ

Жер үсті және жер асты суларының сандық және сапалық көрсеткіштерін зерттеу бағытындағы кешенді ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстар, оларды Қазақстандағы әр түрлі салаларға пайдалану мүмкіндігі .

  • Гидрологиялық зерттеулер
  • ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, ҚР АШМ СРК, Атырау, Қызылорда, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктерінің  9-дан аса жобалары орындалды.
  • Гидрохимиялық және гидробиологиялық зерттеулер:
  • «Ертіс, Іле, Сырдария, Жайық, Емел, Тобыл, Есіл, Шу және Талас трансшекаралық өзендері бойынша түсетін токсиканттардың су айдындарының биоресурстарының жағдайы мен қалыптасуына және гидрологиялық режиміне әсерін талдау» (2011-2015 жылдар) Тапсырыс берушіҚР АШМ СРК.

СУ ҚОРҒАУ АЙМАҒЫ МЕН БЕЛДЕУЛЕРІН ЖОБАЛАУ

Жер үсті су объектілерін ластанудан, қоқыстанудан, сарқылудан қорғау және олардың санитарлық-техникалық, эпидемиологиялық жағдайларын жақсарту бойынша маңызды іс-шаралардың бірі-шаруашылық қызмет аумағындағы ерекше режиммен жағалаулар бойынша арнаулы су қорғау аймағы мен белдеулерін құру болып табылады.  .

waterprotect_lines1Су қорғау аймағына шаруашылық немесе басқа да қызмет түрлерінің арнаулы режимі белгіленген, өзен, көл, су қоймасының және өзге де жер үсті су объектілерімен жалғасқан аумақтар жатқызылады.Су қорғау аймағы шегінде табиғатты пайдалануға қосымша шектеулер енгізілген, ерекше қорғау режимімен су қорғау белдеулері ажыратылады. Бұл  су қорғау аймағы шегінде шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленген, су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарына іргелес, ені 35 метрден кем емес, (ҚР Су кодексіне сәйкес) аумақ.

Су қорғау аймағы мен белдеулерін белгілеу, судың ластануын, қоқысталуы мен сарқылуын болдырмауға, сонымен қатар су айдындарындағы жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің тіршілік ету ортасын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған. 

waterprotect_lines2Су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларын белгілеу жөніндегі Жобаларды дайындау барысындағы негізгі құжаттар: Қазақстан Республикасының Су кодексі, Экологиялық кодекс, Жер кодексі және жер үсті су объектілері мен т.б. су қорғау аймақтары мен белдеулерін жобалау бойынша Техникалық көрсеткіш.

Қазіргі кезде «ҚҚЭА» ЖШС төмендегідей жобаларды орындады:

  • Есіл өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін жобалау. (ҚР АШМ Су ресурстары жөніндегі комитеті, 2004)
  • Елек өзені мен оның сағаларының су қорғау аймағы мен белдеулері жобасы. («Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы». ММ, 2008)
  • Ембі, Сағыз, Темір өзендері мен олардың сағаларының су қорғау аймағы мен белдеулері жобасы. («Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы». ММ,  2009)
  • Ірі елдімекендер (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк) шекарасындағы Елек өзенінің су қорғау аймағы мен белдеулерін жобалау. («Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы». ММ,  2010)
  • Жем, Сағыз, Ойыл өзендерінің  су қорғау аймағы мен белдеулерін жобалау. («Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы». ММ,  2010)
  •  Ақтөбе облысындағы су қоймаларының (Ақтөбе, Сазды, Қарғалы және Қарғалы өзенін қосқандағы шағын су қоймалары) және негізгі көлдердің (Жайық-Каспий бассейні) су қорғау аймақтары мен белдеулерін жобалау. . («Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы». ММ,  2011)
  •  Атырау облысы бөлігіндегі Каспий теңізінің  су қорғау аймағы мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобасы. («Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы». ММ,  2011)
  • Қызылорда облысының Жаңақорған және Жалағаш аудандарының әкімшілік-аумақтық шегі шекарасындағы Сырдария өзенінің су қорғау аймағы мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобасы. (Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы». ММ,  2012)