Теніз кемелерін жалға беру

«Наутилус»,«Элен» және «Электра» ғылыми-зерттеу кемелері барлық қажетті навигациялық аспаптармен, авторульдік басқарумен, радарлармен, эхолоттармен, сенімді радио және спутниктік байланыспен, тұрақты құрал-жабдықпен – шығырлармен, кранарқалықтармен, сынамаларға арналған тоңазытқыштармен, жылдам жүрісті катерлермен жарақталған.

 Кіріктірілген шкафтармен, кәріз жүйесімен жабдықталған және су тартылған зертханалық үй-жайлар бар. «Наутилус»ғылыми-зерттеу кемесінде сондай-ақ сүңгуірлік жұмыстарға арналған барокамера және теңіз грунтының сынамаларын алатын сынама іріктегіш бар.  Жолаушылар үшін 20 адамдық төсек-орынмен жарақталған ыңғайлы каюталар бар.  Жүзу дербестігі 15 тәуліктен 20 тәулікке дейін.

Кемелерді төмендегілер үшін пайдалануға болады:

  •  теңіздегі түрлі экологиялық жұмыстар (мониторинг, фондық зерттеулер және тағы басқалар)
  • сейсмикалық барлау және электрлік барлау жұмыстары;
  • картографиялық жұмыстар;
  • сүңгуірлік жұмыстар;
  • жүк тасымалы;
  • браконьерлік ауларды тралмен сүзу бойынша жұмыстар;
  • өндірістік операцияларды жүргізу (қолдау к-рсету кемелері ретінде).

Кемелерде рұқсат беретін және қажетті құжаттардың толық топтамасы бар.Каспий аймағындағы Жетекші компанияларға Кемелерді Жалға беруде елеулі тәжірибеміз бар.

Қосымша ақпараттарды КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ/Көліктер/Теңіз көлігі тарауынан қараңыз.