Өнеркәсіптік тәуекелдерді бағалау, апаттарды модельдеу

Бізде  өндірістік объектілерді қауіпсіз қызметпен қамтамасызОценка рисков ету жөніндегі ресми мәлімдемелердің қауіпсіздік декларациясын дайындау мен экологиялық тәуекел бағытындағы міндеттерді шешу үшін әдістемелік база мен техникалық және зерделеу мүмкіндіктері бар.

Орындалатын жұмыстардың түрлері:

  • Өнеркәсіптік апаттардың туындау тәуекелін бағалау.
  • Құбыржелілері мен құтылардың жарылуы кезіндегі туындауы ықтимал өнеркәсіптік апаттардың салдарын модельдеу, олардың туындау ықтималдылығын бағалау, оның ішінде улы заттардың шашырауын (таралуын) модельдеу;
  • шалшықтан туындаған өрттерді модельдеу (pool fire);
  • сорғалаудан туындаған өрттерді (алаудан) модельдеу (jet fire);
  • әр түрлі факторлардан туындаған күрделі әсер ету аймағын есептеу.
  • Мұнай-газ объектілеріндегі арнаулы апаттық жұмыстарды орындаудың  техникалық құжаттарын құрастыру.
  • Өнеркәсіптік өндірістің қауіпсіздігіне сараптама жүргізу.
  • Тәуекелді сандық талдау.
  • Экологиялық тәуекелді бағалау.
  • Жобаланатын және қолданыстағы өнеркәсіптік объектілердің қауіпсіздік Декларациясын әзірлеу.
  • Апатты жою Жоспарын әзірлеу.
  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу.

«ҚҚЭА» ЖШС-да тәуекелдерді сандық бағалаудың міндеттерін шешетін “PHAST Professional” бағдарламалық кешені мен  “SAFETI”бағдарламалық өніміне берілген лицензиялары бар. Аталған бағдарламалық өнімдер Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігімен мақұлданған  және Тау-кен техникалық қадағалау департаментімен рұқсат етілген.

ҚР 11.04.2014  ж № 188-V «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес, заңды және жеке тұлғалар яғни, қауіпті өндірістік объектілердің иелері қауіпті өндірістік объектілерді ашық жариялауға міндетті екендігін атап өткен жөн.

Қауіпті объектілерді Декларациясыз пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Сонымен қатар, заңнама талаптарына сәйкес, өндірістік қауіпті объектілерде Апаттарды жою Жоспары дайындалады.