Тұрғындар денсаулығына қатерді бағалау

ҚҚЭА атмосфералық ауаның химиялық ластану факторларынан тұрғындардың денсаулығына келетін қатерді бағалауды іске асырады. Бағалау төмендегілерді қамтиды:

  • қатерді айқындау;
  • «доза-жауап» тәуелділігін бағалау;
  • тәуекелге ұшырауды бағалау;
  • тәуекелдік сипаттамасы.

Бағалаудың негізіне лицензиясы,аккредитациялау аттестаты бар және ISO 9001, ISO 14001 және OHSAS 18001спецификациясы бойынша сертификатталған зертхана жүргізген зерттеулердің нәтижелері алынады. Есептеу «Эра-Риски» бағдарламалық кешенін пайдалану арқылы жүргізіледі.