Экологиялық аудит

Экологический Аудит 1

Экологиялық аудитты (міндетті және             бастамашылық аудитты) ҚҚАЭ тапсырыскермен және аудит жүргізілетін субъектімен алдын ала өзара келісілетін экологиялық аудит жүргізу жоспарына сәйкес жүргізеді.. Экологиялық аудит (ЭА) аудит жүргізілетін субъектінің қоршаған ортаға әсері  бойынша есептілігін талдау жолымен жүргізеді.

Экологиялық аудитті (ЭА) жүргізу барысында, қажет болған жағдайда ҚҚЭА төмендегідей мақсаттарда арнайы зерттеулер мен өлшеулерді орындауы мүмкін:

  • қоршаған ортаға келтірілетін әсер туралы есептіліктің дәйектілігін талдау;
  • өндірістік-технологиялық үдерістің экологиялық талаптарға сәйкестігін бағалау;
  • өндірістік экологиялық бақылау (соның ішінде өндірістік мониторинг) жүйесінің экологиялық талаптарға сәйкестігін бағалау;
  • аудит жүргізілетін субъектінің қызметкерлерінің біліктілік деңгейін бағалау.

Аудитті жүргізу барысында ҚҚЭА ұстанатын негізгі қағидалар:

  • нысанның (кәсіпорынның) қызметінің экологиялық проблемаларын қарастырудың, кәсіпорынның табиғат қорғау заңнамасының талаптарын орындауының жан-жақтылығы;
  • зкологиялық тәуекелдіктерді айқындау;
  • экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • Келісімшартпен көзделген мерзімдерде экологиялық аудиторлық есепхатты құрастыру;
  • аудитті орындаушының жұмыстың орындалу сапасы үшін жауапкершілігі.