Қашықтықтан бақылау

Жерді қашықтан бақылау (ЖҚБ) бүгінгі таңда сан алуан міндеттер үшін кеңістіктік ақпаратқа деген негізгі қажеттіліктерді қамтамасыз етеді.

Жердің бетін жай ғана көзбен қарап зерттеуден бастап, ЖҚБ деректері жобалау, құрылыс, жердің бетінің күйі мен ондағы өзгерістерді бағалау және талдау саласында ақпарат және дайын шешімдерді алуға мүмкіндік береді.

ЖҚБ ғарыштық аппараттарының топтастығын кеңейту, ЖҚБ аэробазалық технологияларын дамыту жер бетіндегі кеңістіктік деректер алу жүйелерімен (GPS) қиыстыра отырып, бүгінгі таңда кез келген масштабтағы және жоспарлық-биіктік дәлдігі әр түрлі кеңістіктік ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Орындалатын жұмыстардың:

  • ғарыштық аппараттардан қашықтан бақылау  деректерін (ҚБ) тарату
  • Аэросурет түсіру жұмыстарын ұйымдастыру немесе ажыратылымдығы жоғары ҚБ жұмыстарына тапсырыс беру.
  • Аэросурет және ғарыштық суреттердің мазмұнын ашу;
  • Жер бедерінің сандық моделін пайдалану арқылы ҚБМ түзету;
  • Стереоиүсірілімдердің (аэроғарыштық және аэротүсірілімдік) деректерін өңдеу және  жергілікті жердің сандық моделі (ЖСМ) мен жер бедерінің сандық моделін (БСМ) құру;
  • Табиғи және техногендік объектілердің 3D моделін құру;
  • Табиғи және техногендік нысандардың тексеру спутниктерінен алынған аэроғарыштық көріністердің таскестелерін құру
  • ҚБ негізінде кеңістіктік деректер витриналарын құру