Өндірістік экологиялық бақылау

ӨНДІРІСТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУРисунок3

Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне сәйкес, табиғат пайдаланушылар өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыруға міндетті, өндірістік мониторинг (ӨМ) оның элементі болып табылады.

ӨЭБ шеңберінде жүзеге асырылатын өндірістік мониторингтің негізгі мақсаты – кәсіпорынның нысандарының қоршаған ортаның құрамдастарына келтіретін әсері, штаттық (апатсыз) қызмет кезінде де,сондай-ақ штаттан тыс (төтенше) жағдайлардың нәтижесінде олардың күйінің өзгерістері туралы дәйекті ақпарат алу болып табылады.

Компанияның нысандарындағы атмосфералық ауаға, жер асты және жер үсті суларына, ақаба суларға, топырақтарға,өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне мониторинг жүргізіледі.

ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫНЫҢ МОНИТОРИНГІ

Рисунок9Компания жер асты суларының, оның ішінде бақыланған ұңғымаларды бұрғылауды қосқандағы монитормнг бойынша жұмыстар, жер асты суларының өндірістік экологиялық мониторингі бағдарламасын әзірлеу бойынша және жер асты сулары бойынша есептерді жүргізу, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары мен мониторинг жүргізілген ұңғымаларды жою бойынша жұмыстардың толық кешенді түрлерін орындайды.

Маңғыстау және Атырау Рисунок8облыстарындағы «Маңғыстамұнайгаз» ААҚ, «Қаражанбас» АҚ, Аджип КҚО  компаниялары үшін бұрғылау жұмыстарын жүргізудегі нәтижелі тәжірибеміз бар.

Жер асты суларының мониторингі  бағдарламасын әзірлеу  және мониторингті жүргізу  10-нан  астам  компанияларда жүзеге асырылды.Солардың ішінде:,«Қаражанбас» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ , «Емир-Ойл» ЖШС, «ЕмбіМұнайГаз» ӨФ, «ӨзенМұнайГаз» ӨФ, «Экомұнайгаз» ЖШС,  «Samek International» ЖШС, Аджип КҚО,  «Теңізшевройл» ЖШС,  «Бозашы Мұнай» ЖШС