Қош келдіңіз!

Қазақстан Қолданбалы экология агенттігінің («ҚҚЭА» ЖШС) веб-торабына қош келдіңіз! Біз өндірістік салада және қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыс істейтін тәуелсіз консалтингтік және инжинирингтік Компания болып табыламыз. Компания Қазақстан Республикасында 1996 жылы тіркелді, Астана, Ақтау, Атырау, Ақтөбе қаласында филиалдары, жеткілікті материалдық базасы және білікті мамандардан құралған штаты бар.

ҚОЫБ, ҚОҚ жағынан ұлттық және халықаралық жобаларды,нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеу жағынан және көптеген басқа салаларда нормативтердің жобаларын, су қорғау жобаларын әзірлеуде және іске асыруда елеулі тәжірибе жинақталған. Қызметкерлердің экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын ұлттық талаптар саласындағы хабардарлығы мен біліктілігі атқарылатын жұмыстардың жоғары сапалы болуына кепілдік береді.  

Компанияның қызметі халықаралық ISO:9001,ISO:14001 және OHSAS:18001 стандарттарының талаптарына сәйкестік жағынан сертификатталған. Біздің веб-тораптан Сіз «ҚҚЭА» ЖШС-нің жұмысы, көрсетілетін қызметтері, материалдық-техникалық базасы мен жұмыс тәжірибесі туралы барлық қажетті ақпаратты табасыз. Ынтымақтастыққа әрқашан да дайынбыз!